427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Темекі шегу көру қабілетінен айыруы мүмкін – зерттеу

  • 147
  • UPD: 16:35, 29.09.2020
Темекі шегу көру қабілетінен айыруы мүмкін – зерттеу

Темекі шегудің жанама әсерлері туралы көп айтылды, бірақ никотиннің көзге қалай әсер ететіндігі туралы жиі айтыла бермейді.

Темекі шегу мен көру қабілеті арасында да байланыс бар. Мұндай зерттеуді Манчестер университетінің дәрігерлері жүргізді.

Сарапшылар темекі шегу соқырлыққа әкеледі деген қорытындыға келді. Көздің торлы қабатының «сары дақ» деп аталатын аймағында жасушалар жойылады, ал көру қабілетін сақтауға қажетті қоректік заттар темекі шегетін адамға сіңбейді.

Сонымен қатар мұндай ауытқу егде жастағы адамдарда дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігінен болады. Алайда ғалымдар мұндай аурудың темекі шегетін жастар арасында өте жиі кездесетінін анықтады.

Зерттеулер нәтижесінде белгілі болғандай, Ұлыбританияда темекінің кесірінен 17 мыңнан астам адам көру қабілетінен айырылады.

Хабар 24 телеарнасы