432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Қостанай және Қарағанды облыстары шаруаларының жәрмеңкесі өтеді

  • 166
  • UPD: 10:13, 30.09.2020
Елордада Қостанай және Қарағанды облыстары шаруаларының жәрмеңкесі өтеді

Елордада 3 және 4 қазанда Қостанай мен Қарағанды облыстары шаруаларының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

3-4 қазан күндері «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) Қостанай және Қарағанды облыстарының қатысуымен жәрмеңке өтеді. Екі күн ішінде 14 аудан мен 7 қаладан 130-дан астам кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын болады.
 
Кәсіпорындар 980 тонна көлемінде 100-ден астам өнім түрін сатуды жоспарлап отыр. Оның ішінде 150 тоннадан астам түрлі мал еті, 50 тонна сүт өнімдері, 20 тонна шұжық өнімдері және жартылай ет өнімдері, 5 тонна балық, 30 тонна жарма және макарон өнімдері, 60 тонна картоп пен көкөніс, 50 тонна ұн.

Сондай-ақ ұсынылған өнімдердің ассортиментіне нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, бал және т.б. кіреді.

Барлық өнім орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен сатылмақ.

Келушілерден санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен арақашықтықты сақтау, маска тағу талап етіледі.

Хабар 24 телеарнасы