427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазанның алғашқы күндері ауа райы қандай болады

  • 257
  • UPD: 12:33, 30.09.2020
Қазанның алғашқы күндері ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» 1-3 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінің ауа райына Солтүстік-Батыс циклоны әсер ететін болады. Бұл аудандарда жауын-шашын күтіледі, көбінесе жаңбыр түрінде. Тек еліміздің батыс бөлігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады», - делінген хабарламада.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы