428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қандай дәруменнің жетіспеушілігі қатерлі ісік қаупін жоғарылатады

  • 151
  • UPD: 12:16, 01.10.2020
Қандай дәруменнің жетіспеушілігі қатерлі ісік қаупін жоғарылатады

D дәрумені әдетте балаларға рахиттің алдын алу үшін және егде жастағы адамдарға остеопороз қаупін азайту үшін беріледі.

Бұл дәрумен шын мәнінде ағзадағы гормондардың пайда болуына ықпал ететін прогормон.

Халықаралық эндокринологтардың айтуынша, D витаминінің жетіспеушілігі қауіпті аурулардың дамуына түрткі болуы мүмкін. Ол қатерлі ісік ауруларының даму қаупімен байланысты, оларға простата, ішек және сүт безі қатерлі ісігі жатады. Сондай-ақ аталған дәруменнің жетіспеушілігі жүрек, қан тамырлары мен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді.

D дәруменінің деңгейін анықтаудың ең жақсы әдісі – қан талдауы (OH D3). Дәруменнің жетіспеушілігінің белгілері: тітіркену, ұйқының бұзылуы, шаршағыштық, бұлшықеттің ауыруы, терлеу және шаштың түсуі.

Дегенмен витаминді тек маманның нұсқауы бойынша қабылдау керек.

Хабар 24 телеарнасы