428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кинотеатрларда карантинді сақтауға арналған креслолар әзірленді

  • 112
  • UPD: 14:28, 01.10.2020
Кинотеатрларда карантинді сақтауға арналған креслолар әзірленді layerdesign.com

Layer (Лондон) дизайнерлері пандемия кезінде кинотеатрларға арналған қауіпсіз орындық ойлап тапты.

Ол әлеуметтік қашықтықты сақтауға арналған. Сарапшылар вирусқа қарсы бірнеше талапты ескерген. Орындықтар модульдік дизайнға ие. Оларды кез келген ұзындықта және кез келген қашықтықта орналастыруға болады.

Әр орын көрермендер арасындағы қашықтықты сақтау үшін алынбалы қорғаныс экранымен жабдықталған. Қаптау матасының құрамында мыс оксидіне малынған талшықтар бар. Бұл оған бактерияға қарсы және вирусқа қарсы қасиеттер береді.
Қараңғыда көрермендер орындарын шатаспай табу мақсатында орындар нөмірі еденде жарықдиодты шамдар арқылы жазылған. Жоғарғы бөлікте билетті сатып алған адамның аты көрсетіледі.

Киносеанстар арасындағы кеңістікті өңдеу үшін әр креслолардың артқы жағына УК-шамдар орнатылған. Олар орындықтар арасындағы арнайы бөлікте орналасқан заттарды зарарсыздандырады.

Хабар 24 телеарнасы