Сарапшылар зейнет жасында өмір сүруге ең қолайлы елдерді атады, деп хабарлады Bloomberg.
Natixis француз инвестициялық банкінің сарапшылары материалдық әл-ауқатын, өмір сүру сапасын ескере отырып, 44 елдегі зейнеткерлердің әл-ауқаты мен қаржылық қауіпсіздігін бағалады. Тізімде Исландия, Швейцария және Норвегия көш бастап тұр. Ал Америка Құрама Штаттары 18-ші орында.
Айта кетсек, сарапшылар тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы ең жоғары елдерді анықтаған болатын. Әлем бойынша Гонконг тұрғындары өте ұзақ өмір сүреді. Олардың өмір сүру ұзақтығы – 84,63 жас. Үздік үштікке Жапония, Макао сынды Азия елдері жайғасқан. Ал төртінші орында тұрғындары орта есеппен 83,56 жыл өмір сүретін Швейцария тұр, одан кейінгі орынға Сингапур (орта есеппен 83,39 жас) орналасқан. Қазақстан бұл тізімде 110-орында тұр. Зерттеу бойынша елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 73,23 жасты құрайды.
Неліктен әйел адамдардың ерлерге қарағанда ұзақ өмір сүретіні туралы мына жерден оқуға болады.
АҚШ-тың қартаюды зерттеу институты кәріліктің емін тапты.
Қан тобының өмір сүру ұзақтығына қалай әсер ететіні белгілі болды.
