428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аңшылар қауіпті паразиттік ауру жұқтыруы мүмкін – дәрігер

  • 112
  • UPD: 11:05, 02.10.2020
Аңшылар қауіпті паразиттік ауру жұқтыруы мүмкін – дәрігер

Медицина ғылымдарының докторы Алексей Чжао аңшылар немесе жидек теретін әуесқойлар қауіпті паразиттік ауру – альвеококкоз жұқтыруы мүмкін екенін ескертті.

Айтуынша, аталған ауру өз кезегінде қатерлі ісікке ұқсайды, деп жазды iz.ru.

Паразиттер адам ағзасына қолды немесе жидектерді дұрыс жумағандықтан, ауыз арқылы енуі мүмкін.

Ауру симптомсыз түрде дамиды, әдетте науқастар аурудың соңғы кезеңінде ғана медициналық көмекке жүгінеді. Кейде іш қуысын ультрадыбыстық немесе томографиялық зерттеу арқылы альвеококкозды анықтауға болады.

«Жидектер мен шөптерді жинау кезінде, иттерге күтім көрсету, аң аулау, қақпанға түскен жануарлардың терісін өңдеу кезінде адамдар альвеококкозды жұқтыруы мүмкін. Бұл – қауіпті паразиттік ауру, бірақ бұл өте сирек кездеседі», - деді маман.

Ауру кезінде науқастарда жүрек айнуы байқалады.

Альвеококкозды емдеу оның кезеңіне байланысты, бірінші немесе екінші кездерде паразиттік түйінді түбегейлі жою үшін хирургиялық әдістер ұсынылады.

Хабар 24 телеарнасы