428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі ең ерекше шамшырақтар

  • 129
  • UPD: 12:49, 02.10.2020
Әлемдегі ең ерекше шамшырақтар

Ғасырлар бойы теңізшілерге жол көрсеткен үміт нышандары – көптеген шамшырақтар қазір танымал көрнекі орындарға айналды.

Жыл сайын оларға мыңдаған турист барып, жерден жүз метр биіктікке көтеріліп, жоғарыдан ашылған панорамаларға тамсанады.

1990 жылы салынған Джидда маягы әлемдегі ең биік шамшырақ болып саналады, биіктігі – 133 метр. Ол Мекке провинциясындағы ең ірі қаланың портына кіре берісте тұр. Шар тәрізді нысанның ішінде басқару бөлмесі орналасқан.

Перридің Жеңісіне және әлемдегі бейбітшілікке арналған мемориал. Оның биіктігі – 107 метр. Ол АҚШ-тың Оттава қаласында орналасқан.

Иокогамадағы «Марин-тауэр» деген атпен танымал теңіз мұнарасы. Торлы мұнара биіктігі жағынан әлемде үшінші орында тұр. Оның биіктігі – 106 метр. 1961 жылы салынған. Түнде әр 20 секунд сайын жарығы қызылдан жасыл түске ауысады. 2009 жылғы реконструкциядан кейін тек ақ түсті болды.

Францияның Бретань ауданы Вьерж аралындағы маяк. Оның биіктігі – 82,5 метр. 1902 жылы салынған. Туристер сәуір айы мен қазан аралығында оның ішіне кіре алады.

Ресейдегі 73 метрлік Лесной мол шамшырағы.  Лесной мол кеме жасау зауытында орналасқан және теңіз каналы бойымен кемелердің қауіпсіз өтуіне жауапты.

Нормандиядағы Гатвиль шамшырағы. Оның биіктігі – 75 метр. Туристердің кіруіне рұқсат етіледі.

Рим империясы кезінде, шамамен ІІ ғасырда салынған Геркулес мұнарасы. Әлемдегі ең көне маяк ЮНЕСКО-ның қорғауында.

Ұлыбританияның солтүстік-батысындағы шамшырақ. Шамамен 170 жыл бойы сегіз метрлік маяк екі секунд сайын ақ жарықпен жыпылықтайды.

Кьеунгскьяр шамшырағы Солтүстік поляр шеңберінде орналасқан және Норвегияға тиесілі. 1880 жылы салынған жиырма метрлік мұнара жылына екі айда ғана қолданылады – мамырдың ортасынан шілденің ортасына дейін. Навигация кезінде маяк алты секунд сайын қызыл, ақ және жасыл түстерге боялып, жыпылықтайды.

Оңтүстік Кореяның Гадеокдо аралындағы қырық метрлік маяк. Оның пішіні кеменің тұмсығына ұқсайды. Қызыл түске боялып, жарқырап тұрады.

Ыстамбұлдағы Қыз мұнарасы. Аңыз бойынша Сұлтанға сүйікті қызы қайтыс болады деп алдын ала айтылған. Сұлтан қызын құтқару үшін мұнараға қамап тастайды. Бірақ қызды жеміс себетімен әкелінген жылан шағып өлтірген. Қазіргі уақытта Қыз мұнарасына туристер көп барады. Соңғы үш онжылдықта Қыз мұнарасы көрмелер мен концерттер өткізілетін мәдени және туристік орталыққа айналды.

Италиялық Генуяның символы – Жерорта теңізіндегі ең биік және әлемдегі биіктігі бойынша бесінші орындағы 77 метрлік La Lantera шамшырағы.

Хабар 24 телеарнасы