432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таңғы асқа кофе ішудің қаупі қандай

  • 139
  • UPD: 14:55, 02.10.2020
Таңғы асқа кофе ішудің қаупі қандай

Таңертең аш қарынға кофе ішу – үнемі асығыс және кешігіп жүретіндер арасында кең таралған таңғы ас түрі.

Аш қарынға кофе ішу әдеті екінші типті қант диабетіне себеп болады. Бұл туралы зерттеу British Journal of Nutrition журналында жарияланды.

Әрине, аурудың пайда болуы кофені қантпен немесе қантсыз ішетіндігіңізге де байланысты.

Британдық дәрігерлер адамдардың екі түрлі тобына зерттеу жүргізді: бір тобы таңертең кофеин қосылған тәтті сусын, екіншілері қара кофе, одан соң жарты сағаттан кейін қант қосылған сусын ішті. Аш қарынға кофе ішу қауіпті аурудың себепшісі болуы мүмкін екендігі анықталды. Ал таңғы ас алдында кофе ішу қандағы қантты шамамен 50 процент арттырады. Болашақта бұл ағзаның глюкозаға төзімділігінің бұзылуына әкелуі және екінші типті қант диабетін тудыруы мүмкін.

Кофенің пайдалы қасиеті туралы мына жерден оқуға болады.

Таңғы астан бұрын су ішудің әсері қандай?

Хабар 24 телеарнасы