432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирусқа қарсы антиденелер үш айдан кейін жоғала бастайды – зерттеу

  • 195
  • UPD: 15:10, 02.10.2020
Коронавирусқа қарсы антиденелер үш айдан кейін жоғала бастайды – зерттеу

COVID-19-бен ауырған адамдардың ағзасындағы антиденелер инфекцияны жұқтырған күннен бастап үш айдан кейін әлсірей бастайды және 3-4 ай ішінде толығымен жоғалады.

Зерттеу нәтижелері Blood журналында жарияланды, деп хабарлады Medicalxpress.

Зерттеу барысында апта сайын COVID-19 ауырғандардың қан плазмасымен эксперименталды емдеуге қатысуға ниет білдірген 15 еріктіден (11 ер адам және төрт әйел) сынамалар алынды.

Антиденелердің концентрациясы коронавирусты жұқтырған соң орташа есеппен 88 күннен кейін төмендей бастады, содан кейінгі тағы үш аптада антиденелердің концентрациясы шамамен екі есе азайды. Үш-төрт айдан кейін бұл антиденелер мүлде анықталмаған.

Сондай-ақ бұған дейін жүргізілген тағы бір зерттеу COVID-19-дың жеңіл немесе симптомсыз түрімен ауырғандардың антиденелері жүз күн ішінде жоғалуы мүмкін екенін көрсетті. Әзірленіп жатқан вакциналар да қысқа мерзімді әсер етеді деп болжануда.

Хабар 24 телеарнасы