428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WhatsApp-та көптен күткен функция пайда болды

  • 145
  • UPD: 16:06, 02.10.2020
WhatsApp-та көптен күткен функция пайда болды

Жақында танымал WhatsApp мессенджері жаңартылады.

Онда қолданушы белгілі бір чаттан келетін хабарламаларды шексіз уақытқа өшіре алады. Қосымшаның мұндай функциясы бар бета-нұсқасы Android құрылғыларында сынақтан өтіп жатыр.

Егер кейбір чат хабарламалармен шаршата берсе, пайдаланушы топтан шықпай-ақ, ескертулердің келуін өшіріп тастай алады. Бұрын WhatsApp-та хабарламаларды құлыптау функциясын сегіз сағатқа, бір аптаға немесе бір жылға шегеруге болатын еді. Енді WhatsApp-та Telegram сияқты хабарламаларды біржола өшіруге болады.

Сонымен қатар сақтау интерфейсінің мәзірі бұрынғыдан қарағанда толыққанды ақпараттан тұратын болады. Сонымен бірге мультимедианы пайдалану бойынша ұсыныстар элементі пайда болады. Ол мәтін мен графиканы жібермес бұрын өңдеу кезінде пайдаға жарайды.

Хабар 24 телеарнасы