427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дене жаттығуларынсыз артық салмақтан қалай арылуға болады

  • 151
  • UPD: 15:56, 02.10.2020
Дене жаттығуларынсыз артық салмақтан қалай арылуға болады

Диетологтар физикалық жаттығуларсыз артық салмақтан арылудың жолдарын түсіндірді.

Салмақ тастау үшін ақуызға бай тағамдарды – ет, құс еті мен балықты көбірек тұтыну керек. Сонымен қатар бұршақ, ноқат, жаңғақ, асқабақ тұқымдары мен жержаңғақтарды жеуге болады.

Сарапшылар белгілі бір уақытта ғана тамақтануға болатын режимді қалыптастыру керек екенін түсіндірді. Мысалы, тәуліктік калория мөлшерін 8 сағат бойы тұтыныңыз, ал қалған 16 сағат ішінде тамақтан бас тартыңыз. Сондай-ақ аптаның 3 күнінде тәуліктік калорияға деген қажеттіліктің 25%-ін ғана тұтынып, ал қалған уақытта әдеттегідей тамақтануға болады.

Диетологтар салмақ тастағысы келетіндерге қантты және тәтті сусындардан, соның ішінде энергетикалық сусындардан бас тартуға кеңес берді. Одан бөлек стресстен де аулақ болу керек, өйткені ол тәбетті арттырады.

Хабар 24 телеарнасы