427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Тұран даңғылы мен Қорғалжын тасжолының қиылысында қозғалыс ішінара жабылады

  • 155
Елордада Тұран даңғылы мен Қорғалжын тасжолының қиылысында қозғалыс ішінара жабылады

Орташа жөндеу аясында Тұран даңғылы Қорғалжын тасжолының қиылысында жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты 3-4 қазанда қозғалыс ішінара жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін бағдарын алдын-ала жоспарлауы керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы