428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар қолмен жазып-сызудың пайдасын анықтады

  • 133
  • UPD: 09:33, 05.10.2020
Ғалымдар қолмен жазып-сызудың пайдасын анықтады

Норвегиядағы жаратылыстану және техникалық ғылымдар университетінің мамандары зерттеу барысында балалар мен ересектердің қолмен жазу жазған кезде ақпаратты жақсы есте сақтайтынын анықтады.

Ол туралы New Atlas жазды.

Мұны дәлелдеу үшін оқу орнының профессоры Одри ван дер Меер және оның әріптестері екі зерттеу жүргізді. Біріншісі 2017 жылы өтті, оған 20 студент қатысты. Екіншісі 2020 жылы өтті, бұл зерттеуге 12 ересек және 12 бала қатысты.

«Қаламды қағазға жүгірткенде, әріптер жазғанда адам көбірек әсер алады. Ол әсер мидың әртүрлі бөліктері арасында байланыс орнатады және білім алуға деген қабілетті ашады», - деп түсіндірді зерттеушілер.

Осыған ұқсас әрекет сурет салу кезінде де болады.

«Компьютердің пернетақтасымен жазу жазсаңыз, барлық әріпті теру үшін бірдей қозғалыс жасайсыз. Қолмен жазу кішкентай моториканы және сезімді бақылауды қажет етеді», - деді.

Дегенмен зерттеушілер білім беруде цифрлық құрылғылардан бас тартуға шақырмайтындықтарын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы