430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Адам өмірін 17 жылға ұзартатын жеміс табылды

  • 186
  • UPD: 11:13, 05.10.2020
Адам өмірін 17 жылға ұзартатын жеміс табылды

Алма адам өмірін 17 жылға ұзартуы мүмкін.

Британдық ғалымдар осындай қорытындыға келді.

Зерттеушілер алмадағы эпикатехин полифенол затының иммунитетті және жүрек-қантамыр жүйесін күшейтетінін анықтады.

Сондай-ақ алманың құрамында қан қысымы мен қандағы холестерин деңгейін төмендететін талшық бар. Сонымен қоса алманы көп тұтынатындар онкологиялық ауруларға сирек шалдығады.

Ғалымдардың көп жылғы жұмысының нәтижелері алманы үнемі тұтыну адам өмірін 17 жылға дейін ұзартатынын көрсетті.

Мамандар, әсіресе, жабайы алманың пайдалы екенін айтты.

Бұған дейін ғалымдар алма жүрек ұстамасы мен инсульт қаупін азайтатынын айтқан болатын.

Сондай-ақ дәрігерлер күніне кем дегенде бір немесе екі алма жеуге кеңес берді.

Хабар 24 телеарнасы