432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дәрігерлер коронавирус салдарынан туындаған ауруларды атады

  • 158
  • UPD: 15:34, 05.10.2020
Дәрігерлер коронавирус салдарынан туындаған ауруларды атады

Коронавирустық пандемия мазасыздықтан зардап шегетін науқастардың көбеюіне әкеп соқтырды.

Олар көбінесе – 30-40 жастағы әйел адамдар. Бұл туралы невролог Юлия Покровская айтты.

Дәрігер мазасыздықтың белгілерін атады: жұмыс істеу қабілеті мен назар салу концентрацияның төмендеуі, ұйқының және тәбеттің жоғалуы, ұсақ-түйекке бола жүйкені тоздыру, эмоционалдық стресс.

Дәрігер коронавирустық эпидемияның тағы бір жағымсыз салдары ретінде көңіл-күйдің түсуін атады, тіпті ол кейде депрессиялық ауытқуларға ұласуы мүмкін.

Сондай-ақ мамандар мизофобия (ауруды жұқтырып алудан қорқу), сондай-ақ ұйқысыздық, эмоционалдық қажу және шаршағыштықтан зардап шегетін науқастар бар екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы