432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

15 жылда бір рет: Марс пен Жер ертең бір-біріне жақын орналасады

  • 265
  • UPD: 17:09, 05.10.2020
15 жылда бір рет: Марс пен Жер ертең бір-біріне жақын орналасады

6 қазан күні Жер мен Марс бір-біріне өте жақын арақашықтықта орналасады.

Қызыл планетаның үлкен және жарық болатыны соншалық, оны Жерден оңай көруге болады, деп жазды Science Alert.

Осы аптада Марс пен Жер бір-біріне 62,1 млн шақырымға жақындайды.

Сонымен қатар Science Alert айтуынша, аспанда жұлдыздар аз болатындықтан, Юпитер мен Сатурнды да көруге болады.

Марс пен Жер эллипс тәрізді орбиталарда орналасқан және кейде бір-біріне өте жақын келуі мүмкін. Әсіресе, Жер Күннен (афелий) алыстағанда, ал Марс Күнге (перигелий) жақын орналасқанда, Жер мен Марс арасындағы арақашықтық азая түседі.

Хабар 24 телеарнасы