Коронавирустық инфекцияға қарсы туа біткен қорғанысы бар адамдар тобы анықталды.
Гендерінде белгілі бір мутация бар адамдарға COVID-19 жұқпайды, деп хабарлады РИА Новости.
«Коронавирустың тыныс алу жолдарының жасушаларына ену үшін пайдаланатын ACE2 ақуызын кодтайтын гендегі полиморфизмдер (мутациялар) вирустың жасушаларға енуін жеңілдетуі немесе кедергі келтіруі мүмкін», - делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, генетикалық нұсқаларды анықтау арқылы кімдерде COVID-19 инфекциясының ауыр түрін жұқтыру қаупі жоғары екендігін және кімдердің «өз гендері арқылы қорғалғанын» білуге болады.