432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Антибиотик қабылдау кезінде қандай тағамдардан бас тартқан жөн

  • 154
  • UPD: 10:33, 07.10.2020
Антибиотик қабылдау кезінде қандай тағамдардан бас тартқан жөн

Халықаралық эндокринолог Зухра Павлова антибиотик қабылдау кезінде рационға қоспау қажет тағамдарды атады.

Маманның айтуы бойынша, біріншіден, антибиотиктерді қабылдау кезінде банан тәрізді тәтті жемістерді жеуге болмайды. Сонымен қатар бауырды қажетсіз жүктемеден арылту үшін ауыр қорытылатын тағамдарды тұтынбаған жөн. Мұндай тағамға майлы, қуырылған, тұздалған және маринадталған тағамдар, шұжықтар, ысталған ет, майонез және басқа да тұздықтар, сондай-ақ табиғи жеміс-жидек шырындары жатады. Сондай-ақ пияз мен сарымсақ тұтынуды шектеу қажет.

Маман олардың орнына құрамында метионин аминқышқылы бар тағамдарды жеуге кеңес берді, олар бауырдың қайта қалпына келуі үшін пайдалы. Мұндай өнімдерге қызыл уылдырық, скумбрия, минтай балығы, шортан және басқа да балықтар, соя және жасымық, жаңғақ, тауық, күркетауық еті, ірімшік, жұмыртқа, сиыр және қой еті, сүзбе жатады. Сонымен қатар ашытылған сүт өнімдерін, жеміс-жидектер қосылмаған йогурт немесе айранды тұтынуға болады.

Хабар 24 телеарнасы