429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Туристер арасында танымал елдер рейтингінде Қазақстан 70-орынға ие болды

  • 154
  • UPD: 12:06, 07.10.2020
Туристер арасында танымал елдер рейтингінде Қазақстан 70-орынға ие болды

US News & World Report басылымының зерттеуі бойынша әлемдегі саяхат жасауға қолайлы елдердің рейтингінде 2020 жылы Қазақстан 73 елдің ішінде 70-орынға ие болды.

Өткен жылы Қазақстан 80 елдің ішінде 72-ші орынға ие болған, деп хабарлады energyprom.kz.

Елдер рейтингі көңіл көтеру, достық, жақсы климат, әдемі табиғат сияқты санаттарға негізделген. Қазақстан достық (100-ден 10,7 балл) және көркем табиғат санаттарында (100-ден 10,4 балл) жақсы нәтижелер көрсетті.

Коронавирустық пандемия және карантин кезеңінде сыртқы және ішкі шекаралардың жабылуы туристер санының азаюына әкелді. Қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік лагерлер, демалыс үйлері, пансионаттар және басқа да орналастыру қызметтерінің көлемі 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында небәрі 28 млрд теңгені құрады – өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,8 есе аз.

2020 жылдың қаңтар-маусым айларында 1,4 миллион адамға тұрғын жайға орналастыру қызметі көрсетілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 есе аз. Қызмет көрсету саны бойынша Алматы (353,2 мың адам) және Нұр-Сұлтан (191,7 мың адам), сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы (134,8 мың адам) көш бастап тұр.

Хабар 24 телеарнасы