428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар коронавирустың аса қауіпті симптомын анықтады

  • 239
  • UPD: 12:22, 08.10.2020
Ғалымдар коронавирустың аса қауіпті симптомын анықтады

АҚШ ғалымдары коронавирустық инфекцияның жаңа қауіпті симптомын ашты.

Бұл туралы зерттеу мәліметтеріне сілтеме жасай отырып MedicalXpress хабарлады.

Инфекцияны жұқтырған 10 адамның 8-інен неврологиялық ауытқулар, атап айтқанда энцефалопатия анықталған. Энцефалопатия – тіндердің өзгеруі арқылы ми функцияларының бұзылуына соқтыруы мүмкін мидың ауруы. Ғалымдар аурудың коронавирустың ең ауыр неврологиялық көрінісі екенін атап өтті.

Сонымен қатар коронавирусты жұқтырғандардан неврологиялық ауытқудың басқа белгілері де байқалды – бас ауруы мен бұлшықет ауруы, бас айналу.

Зерттеу шеңберінде ғалымдар коронавирустық инфекцияны жұқтырған 500-ге жуық адамның деректерін зерттеп, олардың 45%-інде бұлшықет ауруы, науқастардың 1/3 бөлігінде энцефалопатия және бас айналуы байқалғанын анықтады.

Энцефалопатияға шалдыққан науқастар арасындағы өлім-жітім (22%) коронавирустың қарапайым түрімен ауыратындарға (3%) қарағанда жоғары болған.

Хабар 24 телеарнасы