429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жексенбі күні қоғамдық көлік жүретін болды

  • 118
  • UPD: 14:09, 08.10.2020
Елордада жексенбі күні қоғамдық көлік жүретін болды

Елордада жексенбі күні, 11 қазанда қоғамдық көлік қатынайды, деп хабарлады City Transportation Systems баспасөз қызметі.

«Ауа-райының салқындауына байланысты, сондай-ақ елордамыздың тұрғындары мен жұмыс берушілердің сұрауы бойынша жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылмайды. Бұл күні автобустар сағат 21:00-ге дейін жүреді. Басқа күндері қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.

Автобустар мен автопарктерде әдеттегідей әр айналымнан кейін және соңғы аялдамаларда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.

Хабар 24 телеарнасы