428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар атындағы жер теліміне қатысты мәліметті телефоннан қарай алады

  • 110
  • UPD: 18:09, 08.10.2020
Қазақстандықтар атындағы жер теліміне қатысты мәліметті телефоннан қарай алады

Енді қазақстандықтар ЖСН-де тіркелген жер учаскелері туралы мәліметтерді тікелей өз телефонынан көре алады. Жер кадастрынан мәлімет енді eGovMobile қосымшасында беріледі, деп хабарлайды Ұлттық ақпараттық технологиялар компаниясы.

Компания мәліметінше, еGovМobile мобильді қосымшасында жер учаскеңіз туралы мәліметті алу үшін «Жылжымайтын мүлік» бөлімін ашу және «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» қызметін таңдау қажет. Содан соң ЖСН бойынша жердің бар-жоғына сұрау салу жіберу, тізімнен 1-10 жер учаскесін таңдау және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе бір реттік парольмен қол қою арқылы мәліметтер алуға өтініш жіберу керек.

Хабар 24 телеарнасы