432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пандемия кезінде қандай тағамдардан бас тартқан жөн

  • 201
  • UPD: 12:40, 09.10.2020
Пандемия кезінде қандай тағамдардан бас тартқан жөн

Тамақтану ағзаның иммунитетіне әсер ететіні белгілі.

Сондықтан коронавирустық пандемия кезінде қандай тағамдарды тұтынатыныңызға ерекше назар аударған жөн.

Сонымен қатар белгілі бір тағамдардан бас тарту керек. Бұл туралы эпидемиолог Ольга Ненастина айтты, деп хабарлады РИА Новости.

«Негізінде консервілерден бас тарту керек, мұндай өнеркәсіптік өңделген өнімдер тағамдық құндылығынан айырылады. Сонымен қатар қуырылған тағамдар мен фастфудты тұтынуды азайту жақсы», - деді.

Маман қантты тұтынуды бақылауға алу керек екенін де атап өтті, өйткені ол тамыр қабырғаларының өткізгіштігіне де, бактериялардың көбеюіне де әсер етеді.

Ағзаны жеткілікті мөлшерде дәрумендермен және минералдармен толықтыру маңызды. Оның ең оңай жолы – көкөністер мен салат жапырақтары. Сондай-ақ балық, теңіз өнімдері, құс етін радионға үнемі қосып, сұйықтықты көп ішкен жөн.

Хабар 24 телеарнасы