429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

  • 182
  • UPD: 15:51, 09.10.2020
Алматыда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Алматыда 10-11 қазан күндері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді.

Бұл туралы inAlmaty.kz қалалық кәсіпкерлік бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Облыстың 17 ауданының өндірушілері өз өнімдерін ұсынады.

Жәрмеңкелер таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін Алматының екі ауданында өтеді:

– «Астана» алаңы (Абылай хан даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін);

– «Алатау» концерт залы (Нұркент мөлтек ауданы, 6).

Жәрмеңкелерде жалпы көлемі 400 тоннадан асатын 50-ден астам өнім түрі (ет, жеміс-көкөніс, сүт, балық және т.б) ұсынылады.

Хабар 24 телеарнасы