432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар адамдардың әлі де дамып келе жатқанын дәлелдеді

  • 205
  • UPD: 17:28, 09.10.2020
Ғалымдар адамдардың әлі де дамып келе жатқанын дәлелдеді

«Адамдар әлі де дамып келеді», – дейді Аделаида университетінің мамандары.

Мұның тағы бір дәлелі – білекте пайда болған қосымша артерия. Ондай артериямен туған адамдар саны бір жарым ғасырда 10%-тен 35%-ке дейін өсті. Зерттеу Anatomy Journal журналында жарияланды.  

Туған кезде білекте ортаңғы артерия болады. Ол эмбрионның қанайналым жүйесінде маңызды рөл атқарады. Көпшілігінде аталмыш артерия туғаннан сегіз аптадан кейін жоғалып кетеді. Оның орнында екі жаңа артерия пайда болады. Алайда 1880 жылдары  жаңа артериялар халықтың 10%-інде сақталса, ХХ ғасырға дейін ол 30%-інде кездесетін болған. Бүгінгі таңда орташа артерияны адамдардың 35%-інен табуға болады.

Мұндай өзгерістер орта артерияның дамуына қатысатын гендердің мутациясы нәтижесінде немесе аналардың денсаулық жағдайының өзгеруіне байланысты болуы мүмкін. Тіпті бірнеше себепқатарынан болуы мүмкін. Қалай болғанда да ғалымдар 2100 жылға қарай адамдардың көпшілігінде ортаңғы артерияның сақталуын болжайды.

«Бір жағынан қосымша артерия туннель синдромының пайда болу қаупін арттырады», – дейді зерттеушілер. Екінші жағынан егер басқа тамырлар зақымдалса, ол қолды қанмен қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар оны қан тамырларын трансплантациялауды қажет ететін операцияларда қолдануға болады.

Хабар 24 телеарнасы