432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

D дәруменіне бай өнімдер аталды

  • 231
  • UPD: 17:29, 09.10.2020
D дәруменіне бай өнімдер аталды

Дәрігерлердің айтуынша, D дәруменіне деген тәуліктік қажеттілік 600 МЕ құрайды.

D дәруменіне бай 7 өнім:

Ақсерке. Балықтың құрамында көптеген пайдалы заттар бар, сондай-ақ оның 100 граммында 980 МЕ D дәрумені болады.

Майшабақ. 100 грамм майшабақтың құрамында 1600 МЕ D дәрумені бар, ал тұздалған майшабақта оның мөлшері аз – 680 МЕ. Дегенмен бұл көрсеткіш те аталған дәруменге деген күнделікті қажеттілікті толықтыру үшін жеткілікті.

Треска бауыры. Оның құрамында шамамен 100 МЕ D дәрумені бар. Алайда треска бауыры өте жоғары калориялы өнім екенін есте ұстаған жөн.

Устрицалар. Бұл өнім тек жақсы афродизиак емес, сонымен қатар күн витаминіне де бай. 100 г өнімде 320 МЕ дәрумен бар.

Асшаян. Ол пайдалы элементтерге, D витаминіне бай.

Жұмыртқа. Бір жұмыртқада шамамен 18-39 МЕ D дәрумені бар.

Саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтардың кейбір түрлерінде 2400 МЕ дейін D витамині болады.

D дәруменінің жетіспеуі COVID-19 жұқтыру қаупін арттырады – ғалымдар

Коронавирустан қорғанудың әдісі дәлелденді

Хабар 24 телеарнасы