432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Синоптиктер: Қазақстанның төрт облысында үсік жүреді

  • 432
  • UPD: 10:33, 11.10.2020
Синоптиктер: Қазақстанның төрт облысында үсік жүреді фото: liter.kz

«Қазгидромет» Қазақстанның басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады деп болжайды.

Тек еліміздің солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында атмосфералық ағынның өтуіне байланысты жаңбыр және қар жаууы ықтимал екенін ескертеді. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің шығысында көктайғақ болып, оңтүстік-батысында шаңды дауыл көтеріледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі, күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел тұрады. Павлодар облысында, түнде және таңертең Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градусқа дейін суытып, үсік жүруі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы