429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирусқа қарсы екі дәрінің тиімділігі тексерілді

  • 134
  • UPD: 10:38, 13.10.2020
Коронавирусқа қарсы екі дәрінің тиімділігі тексерілді

Бельгиядағы Левен католиктік университетінің вирусологтары коронавирусқа қарсы танымал екі препараттың (гидроксихлорохин және фавипиравир) тиімділігін тексерді.

Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланған сынақ нәтижелері бірінші препараттың COVID-19-пен күресте пайдасыз екенін, ал екіншісі тек жоғары дозада тиімді екенін көрсетті. Бұл туралы MedicalXpress хабарлады.

Зерттеушілер атжалмандарға екі түрлі жолмен SARS-CoV-2 вирусын жұқтырды: жануардың бір тобына мұрын арқылы көп мөлшерде вирус енгізілді, ал екінші тобы ауру жұқтырған жануармен бір торға орналастырылды.

Препараттармен емдеу инфекция жұқтырғанға дейін бір сағат бұрын және бір күн бұрын басталған. Төрт күн өткен соң жануарлардың ағзасындағы вирус деңгейі өлшенді.

Гидроксихлорохин препараты ешқандай нәтиже бермеді, сондай-ақ ғалымдар коронавирусқа қарсы препарат ретінде бұл дәріге қосымша зерттеулер жүргізуге кеңес бермейді. Алайда Жапонияда тұмауды емдеу үшін қолданылатын фавипиравирдің жоғары дозалары жануарлардағы вирус деңгейін нөлге дейін азайтқан. Ал препараттың төмен дозасы мұндай әсер бермеген.

Ғалымдардың айтуынша, ары қарайғы зерттеулерде адамдар фавипиравирдің жоғары дозаларына шыдай алатынын және оның адамдарға тиімді болатындығын анықтау қажет.

Хабар 24 телеарнасы