428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


eGov.kz порталы арқылы донорлыққа келісім беруге болады

  • 133
  • UPD: 12:51, 13.10.2020
eGov.kz порталы арқылы донорлыққа келісім беруге болады

eGov.kz порталында трансплантация үшін тіндерді немесе мүшелерді сыйға тартуға келісім беру немесе бас тарту бойынша онлайн қызмет көрсетіледі.

Қызметті алу үшін «электрондық үкімет» порталында «Денсаулық сақтау» бөлімінде авторланып, «Транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде ерікті түрде қайырмалдыққа келісімді немесе келісімді қайтарып алуды тіркеу» қызметін таңдау қажет. Бұдан әрі пайдаланушы өтініш түрін таңдайды: «Келісімді қайтарып алуды тіркеу» немесе «Келісімді тіркеу».

«Биылғы мамыр айында заңға түзетулер енгізілді, ол халық арасында үлкен қолдау тапты. Бүгін халықтан алынған кері байланысты ескере отырып, органдарды алуға келісімді ресімдеуге немесе бас тартуға мүмкіндік беретін қызмет әзірленді. Бұрын бұл үшін тіркелген емханаға барып өтініш жазу қажет болатын, қазір үйден шықпай-ақ рәсімдеуге болады», - деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Келісімді тіркеген жағдайда пайдаланушылардың транспланттау мақсатында белгілі бір органдарды таңдау мүмкіндігі бар, олар eGov.kz порталы арқылы өтінім берген кезде көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы