427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көздің ізі қандай болады?

  • 100
Көздің ізі қандай болады?

Саусақ іздері қандай болатынын бәріміз білеміз, ал көздікі ше?

Reddit қолданушысы milesperhour25 көз торының ізі қандай екенін көріп, оны барлығына көрсетуге шешім қабылдады. Жігіт көзін кездейсоқ көзілдіріктің әйнегіне тигізіп алып, онда айға ұқсайтын біртүрлі із қалғанын байқады.

Комментарийлерде адамдар бұл фотоға қатты таңғалып, біразы көз торының мұндай із қалдыруы мүмкін екенін түсінбеді. Фото авторының түсіндіруінше, із жастан және тері майынан тұрады.

Ал кейбіреулер жігіттің денсаулығы туралы алаңдады.

Пікір білдірушілердің бірі: «Көзілдірігімді көзге тигізу туралы ойдың өзі мені тітіркендіреді!», – деп жазады.

Әрине, біздің көзіміз өте нәзік. Сондықтан онымен абай болған жөн.

Хабар 24 телеарнасы