427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суық тию, тұмау және коронавирус: айырмашылықтары қандай

  • 187
  • UPD: 16:34, 13.10.2020
Суық тию, тұмау және коронавирус: айырмашылықтары қандай

Дәрігерлер қандай ерекшеліктер суық тию, коронавирус және тұмауды ажыратуға мүмкіндік беретіндігін түсіндірді.

Бұл инфекциялар жөтел, тамақ ауруы, дене қызуы сияқты белгілермен көрінуі мүмкін. 

Суық тию. Мамандардың айтуы бойынша, суық тию оңай өтеді, аурудың қарқындылығы да екі-үш күннен кейін айтарлықтай төмендейді. Суық тиген кезде мұрын бітелуі мүмкін. Әдетте бұл пневмония сияқты аурулар туындатпайды.

Тұмау және коронавирус. Екі инфекция да ауыр сырқаттарға және асқынуларға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар олар жалпы белгілерге ие: құрғақ жөтел, дене қызуы, қалтырау, тамақ ауруы, бұлшықет ауруы немесе дененің ауруы, бас ауруы және әлсіздік.

Тұмау мен коронавирустың айырмашылығы. Коронавиурстың негізгі белгілерінің бірі – иіс сезудің жоғалуы. ЖРВИ кезінде де иіс сезу жоғалуы мүмкін, бірақ әдетте мұрын бітеледі. Коронавирус жұқтырған кезде бірден иіс пен дәм сезу жоғалады. Сонымен қатар тұмау бірден ауыр жағдайда басталуы мүмкін. Ал коронавирус кезінде симптомдар жеңіл басталып, біртіндеп ауырлайды және ұзақ уақытқа созылады.

Хабар 24 телеарнасы