428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Apple бүгін көптен күткен жаңа iPhone-дарды таныстырады

  • 123
  • UPD: 16:52, 13.10.2020
Apple бүгін көптен күткен жаңа iPhone-дарды таныстырады

Пандемия салдарынан таныстырылымы кейінге қалған жаңа iPhone 12 бүгін, 13 қазан, онлайн форматта презентацияланады.

Бүгінгі іс-шараға арналған шақыру хатында «Сәлем, жылдамдық» деп жазылған. Бұл тіркес бұрыннан бері айтылып келе жатқан жаңа сымсыз желі 5G-ді меңзеген сыңайлы. Алайда 5G құру процесі қазіргі уақытта әлі аяқтала қойған жоқ. Аталмыш желінің көмегімен өте жоғары жылдамдықта байланысқа шығуға болады.

Төрт жаңа iPhone

Apple бұл жолы қолданушыларын кең таңдау мүмкіндігімен таңғалдырмақ. Соңғы үлгідегі смартфондар көлемі бойынша 5,4 дюйм мен 6,7 дюйм аралығын қамтиды. Осы жолы бұрынғыдан өзгерек модель пайда болмақ. Ол – дисплейі кішірек iPhone 12 mini. Ол iPhone SЕ-мен бақ сынаспақ.

Хабар 24 телеарнасы