432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Apple презентациясында таныстырылған өнімдер

  • 143
  • UPD: 09:46, 14.10.2020
Apple презентациясында таныстырылған өнімдер

Көптен күткен Apple - Hi, Speed ​​презентациясы өтті.

Онда жаңа өнімдер ұсынылды: әртүрлі диагональды және жады сыйымдылығы әртүрлі төрт жаңа iPhone 12 (5G), сондай-ақ HomePod mini.

HomePod mini

HomePod mini өнімі Apple Music, Amaxon Music, подкасттар, интернет-радио және Apple Home-ды қолдайды. Колонка мен Siri арқылы жарықты өшіруге, дабылды қояға, сабақ кестесінің қандай екенін білуге болады және т.б.

Сондай-ақ HomePod mini және Siri арқылы iPhone-дағы қосымшаларға кіре аласыз, мысалы, колонка арқылы мессенджерлерден хабарламалар жіберуге болады.

iPhone 12

iPhone 12-нің Super Retina XDR OLED дисплейі мен Ceramic Shield әйнегі бар. Экраны: 2532x1170. Екі камерасы бар: кең бұрышты және негізгі.

Смартфон 5 түсте қол жетімді: жасыл, қызыл, қара, көк, ақ.

Сондай-ақ iPhone 12 жаңа дизайнға ие болды. Ол алдыңғы iPhone-дардан 11%-ке жұқа және 16% жеңіл.

iPhone 12 смартфонының бағасы АҚШ-та 799 доллардан (342 760 теңге) басталады.

iPhone 12 mini

iPhone 12 mini 5,4 дюймдік Super Retina XDR дисплейімен жабдықталған, экраны: 2079 x 960 пиксель және кадр жиілігі 60 Гц.

IPhone 12 mini бағасы АҚШ-та 699 ​​доллардан (299 861 теңге) басталады.

iPhone 12 Pro және iPhone 12 Pro Max

IPhone 12 Pro смартфоны 6,1 дюймдік Super Retina XDR (OLED) экранына ие.  iPhone 12 Pro Max смартфоны да дәл осындай панельге ие, бірақ диагоналы 6,7 дюйм болады.

iPhone 12 Pro бағасы 999 доллардан (428 557 теңге), ал 12 Pro Max бағасы 1099 доллардан (471 456 теңге) басталады.

Хабар 24 телеарнасы