428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Apple компаниясы iPhone-ның ескі модельдерін шығаруды тоқтатты

  • 71
  • UPD: 09:34, 15.10.2020
Apple компаниясы iPhone-ның ескі модельдерін шығаруды тоқтатты

Америкалық Apple компаниясы iPhone-ның ескірген екі моделін шығару тоқтатылғанын хабарлады.

Атап айтқанда iPhone XR және 11 Pro модельдері өндірістен алынып тасталды.

«іPhone 11 Pro смартфонының орнына оның жақсартылған түрі iPhone 12 Pro флагманын сатып алуға болады. Ал XR моделін 2020 жылдың көктемінде шыққан iPhone SE алмастыра алады», - дейді компания.

2020 жылы Apple төрт ескі телефон моделін шығаруды тоқтатқан.

Сонымен бірге компания iPhone XR және 11 Pro модельдерінің шығуын тоқтатқанымен, ол смартфондар дүкендерде біраз уақыт сатылымға шығады.

Хабар 24 телеарнасы