427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның тұрғын үй бағасы қымбат және арзан қалалары аталды

  • 146
  • UPD: 17:06, 15.10.2020
Қазақстанның тұрғын үй бағасы қымбат және арзан қалалары аталды

Жылжымайтын мүлік туралы Krisha.kz сайты тұрғын үй құны бойынша Қазақстан қалаларының рейтингін жасады.

Пәтерлері ең қымбат қалалар рейтингі

Бірінші орында дәстүрлі түрде Алматы тұр. Қазан айының басында бір шаршы метр үшін орташа баға 438 300 теңгені құрады. Нысандардың стандартты ауданын ескерсек, (1 бөлмелі – 38 шаршы метр, 2 бөлмелі – 56 шаршы метр, 3 бөлмелі – 70 шаршы метр) бір бөлмелі пәтер шамамен 16,7 миллион теңге, екі бөлмелі пәтер 24,5 миллион теңге және үш бөлмелі пәтер 30,7 млн теңге тұрады.

Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Бір шарты метрге 345 000 теңге сұрайды. Бір, екі және үш бөлмелі пәтерлердің бағасы шамамен 13,1 млн, 19,3 млн және 24,2 млн теңгені құрайды.

Рейтингтегі үшінші орынға Шымкент қаласы жайғасқан. Қалада тұрғын үйдің бір шаршы метрі 281 200 теңгені құрайды. Бір бөлмелі пәтердің құны шамамен 10,7 миллион теңге, екі бөлмелі пәтер 15,7 миллион және үш бөлмелі пәтер 19,7 миллион теңге тұрады.

Төртінші орынды Атырау иеленді, мұндағы бір шаршы метр 270 625 теңгеге бағаланады: бөлме санына қарай тұрғын үйлер 10,3 млн теңге, 15,2 млн және 18,9 млн теңге.

Өскемен де тұрғын үйлері қымбат қалалардың бестігіне кірді. Бір шаршы метр үшін 265 475 теңге сұрайды. 1-3 бөлмелі пәтерлердің орташа бағасы: 10,1 млн, 14,9 млн және 18,6 млн теңге.

Петропавл, Қарағанды, Көкшетау, Талдықорған, Қостанай, Орал және Павлодар қалаларында бір бөлмелі пәтерлердің құны 9,1 миллионға жуық, екі бөлмелі тұрғын үйлер 13,4 миллион, үш бөлмелілер 16,7 миллион теңге тұрады.

Пәтерлері арзан қалалар рейтингі

Семей қаласында тұрғын үй бағасы арзан. Қалада тұрғын үйдің бір шаршы метрі орташа есеппен 213 925 теңге тұрады. Бір бөлмелі пәтер 8,1 млн, екі бөлмелі пәтер 12 млн теңге, үш бөлмелі пәтерлер 15 млн теңге тұрады.

Ақтау төртінші орында тұр: бір шаршы метрі 198 575 теңге. Сәйкесінше, бөлме санына байланысты тұрғын үйлер 7,5 млн теңге, 11,1 млн және 13,9 млн теңгені құрайды.

Үшінші орында Тараз тұр: бір шаршы метрі 196 400 теңге. Бір бөлмелі пәтер 7,5 млн теңге, екі бөлмелі пәтер 11 млн, үш бөлмелі пәтер 13,7 млн теңге тұрады тұрады.

Ақтөбеде де пәтер бағасы арзан: бір шаршыға 164 050 теңге. Ауданына байланысты пәтерлер бағасы 6,2 млн теңге, 9,2 млн және 11,5 млн теңгені құрайды.

Қазақстан бойынша ең арзан тұрғын үйлер Қызылордада болып шықты: бір шаршы метрі үшін 144 700 теңге. Бір, екі және үш бөлмелі пәтерлердің болжамды құны 5,5 млн теңге, 8,1 млн және 10,1 млн теңгені құрайды.

Хабар 24 телеарнасы