432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бас ауруы кезінде қандай тағамдардан бас тартқан жөн

  • 155
  • UPD: 09:41, 16.10.2020
Бас ауруы кезінде қандай тағамдардан бас тартқан жөн

Бас ауырған кезде ірімшіктің кейбір түрлерінен, цитрус жемістерінен және басқа да бірқатар тағамдар мен сусындардан бас тарту керек.

Бұл туралы испандық La Vanguardia басылымы жазды.

Диетологтар Сандра Бакера мен Альваро Санчестің айтуынша, бас ауруына әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін.

«Егер басыңыз үнемі ауыратын болса, оның себебін анықтап, дәрігермен кеңесу керек. Сонымен қатар диета мен күнделікті дағдыларыңызға өзгеріс енгізу қажет», - деп түсіндірді Бакера.

Әсіресе, бас ауруы кезінде көк ірімшіктерден бас тарту керек. Себебі олардың құрамында гистамин мөлшері көп. Сондай-ақ гистаминге бай цитрус жемістерін тұтынуды шектеген жөн.

Сарапшылардың пікірінше, кофе де бас ауруын тудыруы мүмкін. Күніне үш немесе одан да көп рет кофеині бар сусындар ішу эпизодтық мигреньмен ауыратын науқастарда бас ауруын тудырады.

Жүрекке пайдалы май қышқылдарына бай болса да, бас ауруынан зардап шегетін адамдарға авокадо жеуге болмайды. Оның да құрамында гистамин көп.

Шұжық өнімдерінде гистаминнің көп мөлшері бар, сонымен қатар олардың құрамында сапасыз қаныққан майлар жеткілікті, сондықтан шұжықтар мен күрделі өңделген ет өнімдерін тұтынуды тоқтату ұсынылады.

Диетологтың айтуынша, бас ауруынан зардап шегетін науқастар әр үш сағат сайын тамақтануға тырысуы керек.

«Бірнеше сағат бойы тамақ ішпегенде қандағы глюкозаның деңгейі төмендейді, соның салдарынан бас ауыруы мүмкін», - деп түйіндеді.

Хабар 24 телеарнасы