427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Адамның қайтыс болғаны туралы анықтаманы онлайн алуға болады

  • 81
  • UPD: 15:00, 16.10.2020
Адамның қайтыс болғаны туралы анықтаманы онлайн алуға болады

Адамның қайтыс болғанын растайтын анықтаманы енді әр органға тасудың қажеті болмайды. Ол үшін барлық клиника, ауруханалар мен мүрдехана ортақ ақпараттық жүйеге қосылмақ.

Сол арқылы электронды анықтамаға қол жеткізуге болады. Бұл туралы елдегі цифрландырудың жай-күйі, қолжетімділігі мен қауіпсіздігіне арналған үкімет сағатында айтылды. Жалпы дәрігерлердің бірнеше ақпараттық жүйеде жұмыс істеуі, емдеу тарихы жайлы ақпардың электронды нұсқасын алудағы қиындықтар, жеке клиникалармен ақпаратық интеграцияның болмауы осының бәрі денсаулық сақтау қызметін айтарлықтай бәсеңдетті. Сондай-ақ пандемия кезінде тестілеу мен емдеуге қатысты ашық ақпардың болмауы халықтың наразылығын тудырған еді. Сондықтан цифрландыру саласына жауапты ведомство мен денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп ортақ IT-жүйе құруды көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы