427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус қаупін арттыратын қан топтары анықталды

  • 113
  • UPD: 14:42, 16.10.2020
Коронавирус қаупін арттыратын қан топтары анықталды

Ғалымдар коронавирус қаупіне және оның ауыр өтуіне әсер ететін қан топтарын атады.

Зерттеу нәтижелері Blood Advances журналында жарияланды.

Бір зерттеуде мамандар COVID-19 жұқтырған 473 мың адамды зерттеді. Науқастардың арасында 0 (І топ) қан тобындағылар аз болды және А (II), В (III) және АВ (IV) қан тобындағы адамдар вирусты көп жұқтырған.

Тағы бір зерттеуге Канада ауруханасына ауыр жағдайда түскен 95 науқас қатысты. А немесе АВ қан тобы асқыну ықтималдығын жоғарылатып, қарқынды терапияны және өкпені жасанды желдетуді қажет еткен.

Сонымен қатар А және АВ қанымен ауыратын науқастардың көпшілігіне бүйрек жеткіліксіздігіне байланысты диализ қажет болды.

Хабар 24 телеарнасы