429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


50 елдің нәзік жандылары қатысқан «Әйел» деректі фильмі шықты

  • 148
  • UPD: 15:52, 16.10.2020
50 елдің нәзік жандылары қатысқан «Әйел» деректі фильмі шықты

5 қазанда деректі кино орталығы «Woman» («Әйел») фильмін прокатқа шығарды.

Украиналық режиссер Анастасия Микова мен француз фотографы Ян Артус-Бертран жоба үшін әлемнің 50 елінен 2000 әйелдің әңгімелерін жинады.

Фильмнің кейіпкерлері: жүргізушілер мен фермерлер, мемлекет басшылары және сұлулық патшайымдары. Олар ана болу, білім, неке, етеккір және жыныстық қатынас туралы айтады.

Жоба авторлары Анастасия Микова мен Ян Артюс-Бертран былай дейді:

«Ұялшақтық пен алғаш пайда болған күдікке қарамастан, сұхбат барысында әйелдер камераның алдында толығымен өзгерді және олар осы сәтті өмір бойы күткендей сезінді. Оларға жан-дүниедегі сезімдерін ақтару маңызды болды. Ең бастысы олар өз сөздерін естіткісі келді».

Жобаның барлық кейіпкерлері қазіргі әлемдегі әйел болу дегеннің не екенін жеткізуге тырысады. Фильмді жасаушылар фотограф Питер Линдбергпен және Bandaloop би тобының мүшелерімен жұмыс жасады.

Хабар 24 телеарнасы