428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Керей, Жәнібек хандар көшесі мен Мәңгілік ел даңғылы қиылысындағы қозғалыс жабылады

  • 83
Керей, Жәнібек хандар көшесі мен Мәңгілік ел даңғылы қиылысындағы қозғалыс жабылады

Жол құрылысы жұмыстарына байланысты 17-18 қазан аралығында Керей, Жәнібек хандар көшесі мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысында көлік қозғалысын толығымен жабу жоспарланып отыр.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелістер болмас үшін өз бағдарын алдынала жоспарлауы керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп атап өтті Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында.

Хабар 24 телеарнасы