428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды

  • 107
  • UPD: 14:42, 17.10.2020
Елордада ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды фото: ҚазТаг

Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды.

Бұл жайында қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімет таратты.

«Қазгидромет» РМК болжамына сенсек, ертең, 18 қазан түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді» деп ескертеді департамент.

Хабар 24 телеарнасы