427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алты өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 121
  • UPD: 23:04, 17.10.2020
Алты өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Қазақстанның алты облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

18 қазан Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Атырау қаласында ертең түнде және таңертен тұман түседі.

18 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

18 қазанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с жетеді. Көкшетауда ертең солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

18 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавлда 18 қазанда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

18 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүруі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы плюс 2-10 градусқа дейін күрт төмендейді.

18 қазанда Павлодар облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады, тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы плюс 2-10 градусқа дейін төмендейді.

Хабар 24 телеарнасы