429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Күйзелістен қалай арылуға болады – психолог

  • 421
  • UPD: 11:05, 19.10.2020
Күйзелістен қалай арылуға болады – психолог

Отбасылық психолог Станислава Зарудная стресстен қалай арылуға болатынын айтты.

Айтуынша, жағымсыз эмоцияларды жеңудің тиімді әдістерінің бірі – көңіл күйдің түсуіне себеп болған жағдайларды қағаз бетіне жазу.

«Хатыңыз басқа адамның қолына ешқашан түспейтініне көз жеткізіңіз. Сондықтан эмоцияңызды қағазға түсіргеннен кейін оны бірден жойыңыз», - деді маман.

Күйзелісті жеңілдетудің тағы бір әдісі бар. Психологтың айтуынша, бұл мәселеде медитация өте жақсы көмектеседі. Оған ерекше көңіл бөліп, алдын ала дайындалу керек: арнайы уақытты белгілеп, ыңғайланып отырыңыз, көзді жұмып немесе төмен қарап отырған жөн. Маманның айтуынша, терең дем алған кезде ауаның салқын, ал дем шығарған кезде жылы екенін сезіну керек.

Ол сонымен қатар тыныс алу техникасынан бөлек визуализация жасау керек екенін айтты. Сондай-ақ толықтай тыныштық пен қауіпсіз әрі бақытты сәттерді еске түсірген жөн.

Хабар 24 телеарнасы