424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та 3D-принтерден басылған «ақылды» үйлер саудаға шығарылды

  • 191
  • UPD: 17:19, 19.10.2020
АҚШ-та 3D-принтерден басылған «ақылды» үйлер саудаға шығарылды

АҚШ-тың Невада штатында 3D-принтерден екі айдан аз уақыт ішінде басып шығаруға болатын «ақылды» үйлер ойлап табылды.

«Хаус» деп аталатын модель толығымен автономды, жүйелер күн энергиясымен жұмыс істейді. Үйге іргетас қажет емес, демек құрылысқа да рұқсаттың керегі жоқ.

Қабырғаға арналған құрылыс материалы ретінде полимерлі оқшаулау 3D-принтерден басып шығарылған, деп хабарлады krisha.kz. Сондай-ақ үй алты камералы терезепакеттерімен жабдықталған.

Үй үш нұсқада қолжетімді:

– ауданы 37 ш.м. бір бөлмелі үйдің құны – 199,999 доллар (86 млн теңге);

– ауданы 74 ш.м. болатын екі бөлмелі үйдің құны – 379,999 доллар (163 млн теңге);

– ауданы 149 ш.м. екі қабатты үйдің құны – 1 млн доллар (429 млн теңге).

Үй бағасына күн энергиясының аккумуляторлары, автономды кәріз құбыры, жиһаз және декор элементтері кіреді. «Ақылды» үй қашықтықтан басқару жүйесімен жабдықталған.

Өндірушілер үйдің дауыл мен жер сілкінісіне қарсы тұра алатындығын атап өтті. Қызмет ету мерзімі дәстүрлі құрылыс материалдарынан салынған үйлерге қарағанда он есе ұзағырақ.

Хабар 24 телеарнасы