427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

iPhone 12 смартфондарының Қазақстандағы бағасы айтылды

  • 501
  • UPD: 12:20, 20.10.2020
iPhone 12 смартфондарының Қазақстандағы бағасы айтылды

Apple компаниясының жаңа өнімдері Қазақстанда ашық сатылымға қараша айының басында шығуы мүмкін, деп хабарлады inAlmaty.kz.

13 қазанда Apple жаңа iPhone 12 смартфондарын таныстырғаны белгілі.

Apples Kazakhstan жаңа өнімдердің елімізде сатылымға қашан және қандай бағамен шығатынын айтты.

«Біз iPhone 12 және iPhone 12 Pro смартфондарына алдын ала тапсырыс қабылдауды бастадық, ал сайт арқылы тапсырыс беріп, сатып алғандар гаджеттерін 24 қазанда ала алады.

Жалпы, жаңа iPhone құрылғылары қараша айының басында дүкен сөрелеріне түсуі мүмкін. 128 Гб жады бар iPhone 12 Pro үшін ең төменгі баға – 779 900 теңге. Ал жады 512 Гб болатын iPhone 12 Pro бағасы – 989 900 теңге. 128 Гб жады бар iPhone 12 смартфоны 589 900 теңге тұрады.  Оның 64 Гб нұсқасы әлі сатылымда жоқ», - деді Apples Kazakhstan дүкенінің өкілі.

Тапсырыстардың көпшілігі көк түсті 512 Гб-тық iPhone 12 Pro смартфонына жасалып жатқанын айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы