424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қараша қарлы болғанмен, алдағы қыс мезгілі жылы болмақ

  • 496
  • UPD: 16:03, 20.10.2020
Қараша қарлы болғанмен, алдағы қыс мезгілі жылы болмақ

Айдың бірінші жартысында еліміздің солтүстік бөлігінде, шығысында және орталығында қысқы ауа райына тән құбылыстар күтілуде.

Қараша айында жауын-шашын (көбінесе қар), қарлы боран, сондай-ақ көктайғақ пен тұман жиі болады. Айдың бірінші жартысының ең суық күндерінде сынап бағанасы түнде -10-23°C, күндіз -2-10°C дейін төмендейді. Суық ауа массалары жылыға ауысқанда сынапбағанасы +5+12°С белгісіне жетеді.

Еліміздің оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) айдың екінші жартысында күтіледі. Таулы жерлерде жауын-шашын ертерек жаууы мүмкін. Бұл жағдайда температура фоны түнде -5-12°С дейін, күндіз -1+5°С дейін төмендейді.

Бір ай бойы жылы күндер аязды күндерге ауысуы күтілуде. Көбінесе елдің солтүстік жартысында.

Осылайша Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы қалыпты болмақ. Елдің солтүстік-батыс жартысында қалыптан 1°С жоғары, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында қалыпты шектен 1°С төмен болады деп күтілуде.

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері қалыпты шамада. Еліміздің солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығыс аймақтарының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын көп мөлшерде жауады. Еліміздің оңтүстік-батыс жартысында жауын-шашын аз болады деп болжанады.

Қараша айында қар жаууы ықтимал. Мәліметтерге сәйкес қар түсетін болжамды уақыт:

  • солтүстік және шығыс аймақтарда қараша айының ортасында;
  • орталық өңірде қарашаның екінші жартысында;
  • еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында – қарашаның соңында және желтоқсанның бірінші жартысында;
  • республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-батысында желтоқсанның үшінші онкүндігінде.

2020-2021 жылғы қыс жылы және жауын-шашынға толы болады деп күтілуде.

Өткен жылдың қысында Қазақстан аумағына Атлантика аудандарынан жылы және ылғалды ауа массаларын әкелетін батыс тасымалы байқалды. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде мол жауын-шашын жауды.

Алдағы қыста Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон климаттық нормадан 1-2°С жоғары болмақ. Тек еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарының таулы және тау бөктерлі аудандарында сынап бағанасы қалыпты шамада күтілуде.

Желтоқсан мен қаңтар айларында еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады. Тек батыс өңірлерінде жауын-шашын аз күтіледі.

Ақпан айында жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде қалыптан тыс болмақ. Ал оңтүстік-батыс жартысында қалыпты шамада болжанады.

Көктемнің басы, атап айтқанда, наурыз жылы әрі жауын-шашынсыз деп болады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде орташа ауа температурасы нормадан 1-2°С жоғары, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормаға жуық болжанады. Жауын-шашын мөлшері басым бөлігінде қалыпты шектен аз жаумақ. Қиыр солтүстікте және Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының оңтүстік-шығыс бөлігінде қалыпты шек шамасында, ал Шығыс Қазақстан облысының таулы бөліктерінде қалыпты шектен көп болжанады.

Хабар 24 телеарнасы