427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қара шоколад гипертониядан қорғайды

  • 469
  • UPD: 14:58, 20.10.2020
Қара шоколад гипертониядан қорғайды

Дәрігерлер табиғи қара шоколад ми мен жүрек жұмысын тұрақтандыратынына сенімді.

Нақтырақ айтқанда құрамында кемінде 80% какао бар қара шоколад денсаулыққа пайдалы. Дәрігерлер тәулігіне 20-30 г шоколад тұтынуды ұсынады. Сонымен қатар мамандар сүтті және ақ шоколадтан бас тартуға кеңес берді, өйткені олардың құрамында қант пен май көп.

Қара шоколадтың құрамында флавоноидтар бар. Олар қабынуды азайтады және қан қысымын тұрақтандырады. Сонымен бірге қара шоколад қанның ұюы мен инсульт қаупін азайтады, өйткені ол холестерин мөлшерін барынша төмендетуге қабілетті.

Дәрігерлер бұл өнімнің мидағы қан айналымын жақсартатынын және оның оттегімен қанығуын арттыратынын айтты. Сондай-ақ Альцгеймер мен Паркинсон ауруларының алдын алуда тиімді болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы