424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавируспен екі рет ауырған вирусолог инфекцияның салдарын айтты

  • 371
  • UPD: 16:23, 20.10.2020
Коронавируспен екі рет ауырған вирусолог инфекцияның салдарын айтты

Коронавируспен екі рет ауырған ресейлік вирусолог дәрігер Александр Чепурнов инфекцияның ерекше салдарын анықтады.

Вирусолог аурудан толық айыққаннан кейін де жалғасатын тамақ ауру туралы айтты.

«Мен коронавируспен екі рет ауырдым. Вирус шырышты қабықты қатты зақымдайды. Тамақта жансыз аймақтар пайда болған сияқты болады», - деді.

Оның айтуынша, бұл симптом коронавирусқа тапсырған тест теріс нәтиже көрсеткен соң да кетпеген. Вирусолог бұл вирустың шырышты қабыққа зиянды әсерінің салдары деп санайды. Сондай-ақ маман иіс сезудің жоғалуын жүйке жасушаларының зақымдалуымен байланыстырды.

Хабар 24 телеарнасы