422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада кинотеатрлар қандай жағдайда ашылады

  • 193
  • UPD: 17:06, 20.10.2020
Елордада кинотеатрлар қандай жағдайда ашылады

Елордадағы кинотеатрлардың жұмысын қалпына келтіру күні қаладағы эпидемиологиялық жағдайға, сондай-ақ кинотеатрлардың кинофильмдер көрсетілу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындығына байланысты болады.

Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия келушілердің 30%-ін, арақашықтық пен маска тағу тәртібін сақтай отырып, кинотеатрлардың жұмысын қайта бастау туралы шешім қабылдады. Бұл аурушаңдық деңгейі бойынша «жасыл аймаққа» енетін аймақтарға қатысты. Нұр-Сұлтан «жасыл аймақта» енгеніне төртінші күн, сондықтан біз жағдайды 10-12 күн бойы бақылайтын боламыз. Егер бұл көрсеткіш сақталса, онда біз қаладағы кинотеатрлардың жұмысын бастаймыз. Осы уақытқа дейін дайындық жұмыстары жүргізілетін болады», - деді Жанна Пірәлиева.

Сондай-ақ елордалық кинотеатрлар пандемияда жұмыс істеуге дайын болуы керек. Яғни, кинозалдарға арақашықтық белгілері, санитайзерлер орнатылуы, қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет. Кинотеатрларға кіре берісте келушілер мен қызметкерлер термометриядан өтуі, сонымен қатар көрермендер маска тағуы керек.

Хабар 24 телеарнасы